Күш білімде, білім кітапта. Бұрын солай еді. Бүгінде жұрт жабылып оқитын кітаптарда не жазылған? Мұқабасы бүгін, мазмұны түтін туындыларды сүзгіден өткізетін көркемдік кеңестер бар ма? Балалар әдебиеті қайда? Бөбектер еліктейтін батыр мен ақынның, ханзада мен ханшайымның кейпін жасайтындар кімге кейіп жүр? Ақшасын төлесе, әркімнің ботқасын кітап қылып басатын баспаларды жүгендеуге билік неге қауқарсыз? Қаламақыдан қағылып, кітабын өткізе алмай сабылып кеткен жазушылар кімге немесе неге мұқтаж? Жазушылар одағы мен қаламгерлер нені бөлісе алмай жүр? Осы аптада #Мәселе бағдарламасынан көріңіз!
Hide player controls
Hide resume playing