24 маусымда Алматыда 30 шақты адам Медеу аудандық полиция басқармасының алдына жиналып, екі күн бұрын қамалған белсенді Байболат Күнболатұлын бостандыққа шығаруды талап етті. Осы аптада Алматы соты Қытай консулдығы алдында “заңсыз пикет ұйымдастырды“ деп айыпталған Байболат Күнболатұлын 15 тәулікке қамаған еді. Бейсенбі күні полиция ғимараты алдында жиналғандар арасында Күнболатұлының туыстары, Қытай консулдығы алдында Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрап, пикет өткізіп жүргендер, белcенділер болды. Олар “Бостандық!“ деп айқайлады.
Hide player controls
Hide resume playing