Алматы полициясы көктемгі-жазғы кезеңде көліктің жекелеген түрлерінің қозғалысын бақылауды күшейтетіні, бұл қаладағы жол-көлік оқиғасы деңгейіне әсер ететіні туралы бұған дейін бірнеше рет хабарланған болатын. Біз баламалы көлік туралы айтып отырмыз, оның тұжырымдамасына мопедтер, мотоциклдер, скутерлер, самокаттар және т.б.кіреді. «Тәжірибе көрсеткендей, мопедтер мен электросамокаттарды тізгіндеген адамдардың саны көбейіп, соның салдарынан, олардың қатысуымен жол қозғалысы ережелерін бұзу саны артқан. Баламалы көлік түрлерін жүргізетін адамдардың ҚР ЖҚЕ бұзу деректерін анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Осылайша, алдын алу шараларының бір күнінде алдыңғы шептегі бөлімшелер мопед жүргізушілері жасаған 150-ден астам ҚР ЖҚЕ бұзу дерегін анықтады», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев. Спикердің айтуынша, Алматыда жыл басынан бері мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен 359 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 364 адам зардап шексе, тағы алтауы көз жұмды. «Сонымен қатар, барлық жерде мотокөліктер мен самокат пайдаланушыларымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Рейдтік іс-шаралардың мақсаты – мопедтер мен самокаттардың жүруіне тыйым салу емес, жеке жауапкершілікті еске түсіру, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақыру және көлік жүргізу мәдениетіне тәрбиелеу», - деді, полковник Шумаев. —————————————————— В Алматы с участием мопедов произошло 359 ДТП, шестеро погибли Ранее неоднократно сообщалось, что в весенне-летний период полиция Алматы усиливает надзор за дорожным движением отдельных видов транспорта, которые, также влияют на аварийность в городе. Речь идет об альтернативном транспорте, в понятие которого входят мопеды, мотоциклы, скутеры, самокаты и др. «Практика свидетельствует: увеличилось число лиц, управляющих мопедами и электросамокатами, и как следствие - стало больше количество нарушений ПДД с их участием. Усилена работа по выявлению нарушений ПДД РК лицами, управляющими альтернативными видами транспорта. Так, за один день проведения профилактического мероприятия строевыми подразделениями выявлено более 150 нарушений ПДД РК, допущенных мопедистами», - сообщил начальник Управления местной полицейской службы ДП города Алматы полковник полиции Серик Шумаев. По данным спикера, сначала года в Алматы с участием мопедов и электросамокатов зарегистрировано 359 дорожно-транспортных происшествий, в результате которых 364 человека травмированы, еще шестеро погибли. «Кроме того, повсеместно проводится праворазъяснительная работа с пользователями мототранспорта и самокатов. Цель рейдовых мероприятий - не запретить эксплуатацию мопедов и самокатов, а напомнить о персональной ответственности, призвать к неукоснительному соблюдению ПДД и научить культуре вождения», - резюмировал полковник Шумаев.
Hide player controls
Hide resume playing