Бұрын бірнеше рет хабарлағанымыздай, Алматыда жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға, жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы деректерді анықтау және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жалпыреспубликалық жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі жүргізілуде. Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, оған қатысушылар арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. «Мәселен, өткен демалыс күндері қала жолдарында 2 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды, оның басым бөлігін электросамокаттар мен мопедтерді пайдаланушылар жасаған. Жалпы, самокаттар мен мопедтерді пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысты жергілікті іс-шара басталғаннан бері (. бастап) 4 мың 800 мопед жүргізушісі және 5 мың 200 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың екі доңғалақты көлікті пайдалануына ерекше назар аударылады. 100-ге жуық ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапкершілікке тартылды, бұл жалпы заң мен қауіпсіздік стандарттарына қайшы келеді», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев. Спикердің айтуынша, кең ауқымды рейдтер нәтижесінде 1 мыңнан аса мопед, сондай-ақ 3 мың 625 автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. «Ішкі істер Министрлігі қабылдаған шаралар самокаттарды пайдалану жағдайын біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды. Алайда қайғылы оқиғалар жалғасуда. Статистика негізді алаңдаушылықты тудырады. Самокат пайдаланушылары - жол қозғалысына қатысушылардың осал санаттарының бірі болып табылады. Жыл басынан бері самокаттар мен мопедтердің қатысуымен 463 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты. 68 жағдайда екі дөңгелекті көлікті балалар жүргізген», - деді, полковник Шумаев. ——————————————————————————— В полиции Алматы показали мопеды, водворенные на штрафную стоянку Как ранее неоднократно информировалось, в Алматы проводится третий этап общереспубликанского оперативно-профилактического мероприятия «Правопорядок», направленного в том числе и на предупреждение, снижение дорожно-транспортных происшествий, тяжести их последствий, пресечение и выявление фактов нарушений ПДД. Вместе с тем, активизирована профилактическая работа, усилен контроль за соблюдением требований в области безопасности дорожного движения среди его участников. «К примеру, в минувшие выходные на дорогах города выявлено порядка 2-х тысяч правонарушений, львиную долю из них допустили пользователи электросамокатов и мопедов. В целом, с начала локальной отработки по выявлению правонарушений в части эксплуатации самокатов и мопедов (с ), к административной ответственности привлечены 4 тысяч 800 водителей мопедов и 5 тысяч 200 самокатчиков. Особое внимание обращено эксплуатации двухколесного транспорта несовершеннолетними. Порядка 100 родителей привлечены к ответственности за допуск своих детей к управлению самокатами и мопедами, что в целом противоречит закону и нормам безопасности», - сообщил начальник Управления местной полицейской службы ДП города Алматы полковник полиции Серик Шумаев. По словам спикера, в результате масштабных рейдовых мероприятий на специализированную штрафную стоянку водворены более 1 тысячи мопедов, а также 3 тысячи 625 автомобилей. «Принимаемые Министерством внутренних дел меры позволили несколько стабилизировать ситуацию с эксплуатацией самокатов: установлены возрастные ограничения, требования по обязательному использованию средств защиты, перевозке пассажиров. Однако трагедии продолжаются. Статистика вызывает обоснованную обеспокоенность и тревогу. Пользователи самокатов – одна из уязвимых категорий участников дорожного движения. С начала года с участием самокатов и мопедов произошло 463 ДТП, в результате чего 500 человек травмированы, семеро погибли. В 68 случаях двухколесным транспортом управляли дети», - резюмировал полковник Шумаев.
Hide player controls
Hide resume playing