Алматы полициясы балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көбеюіне алаңдаулы. Атап айтқанда, балалардың тұрғын үйлердің терезелерінен құлау деректері. «Жыл басынан бері Алматыда осындай 13 оқиға тіркелді, өкінішке қарай, оның 7-уі өліммен аяқталды. Сонымен қатар, жаз басталғаннан бері суға түсу үшін жабдықталмаған жерлерде үш кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім суға батып кеткен. Осыған байланысты, Алматы полиция Департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, көпқабатты үйлердің терезелеріне тосқауыл орнатуға, терезе маңына жиһаз бен тұрмыстық заттарды қоймауға шақырады. Заңда балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз!» – деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Айтан Елеусізов.
Hide player controls
Hide resume playing