Іс-шара Андрей Георгиевич жерленген Алматының Орталық зиратында өтті. Қазақ КСР-нің бұрынғы Ішкі істер министрін еске алуға ІІО ардагерлері мен қазіргі полиция қызметкерлері келді. «Бүгін біз Қазақ КСР ІІМ жұмысын ұйымдастыруға көп үлес қосқан, құқық тәртібін және қылмыспен күресті қамтамасыз етудің көпфункционалды және қуатты құрылымдарының бірін құрудың бастауында тұрған адамды еске алуға келдік. Оның көп жылғы еңбегі еліміздің құқық қорғау жүйесіне жоғары білікті кадрлар мен жоғары мемлекеттік органдардың мамандарын дайындауға мүмкіндік берді. Андрей Георгиевич жақсы тәлімгер, жоғары кәсібилігімен, қайсарлығымен, мейірімділігімен, жақындары мен жас әріптестеріне деген қамқорлығы мен ілтипатымен ерекшеленетін ұстаз болды», - деді, Алматы қаласы ПД ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Бауыржан Рахимов. Андрей Георгиевич Платаев 1924 жылы Лебяжі ауылында дүниеге келген. Ол - Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 1946 жылдан - шаруашылық, қоғамдық және саяси жұмыста. 1946-1989 жж. - нұсқаушы, аудандық комитет бөлімінің меңгерушісі, Верхубин аудандық комитетінің хатшысы, Зырян аудандық комитетінің екінші хатшысы, Зырян аудандық атқару комитетінің төрағасы, Зырян аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Зырян қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Ішкі істер министрі, ОСВОД Кеңесі төрағасының орынбасары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8, 9, 10, 11 шақырылымдарының депутаты болып сайланды. 1989 жылы қайтыс болды. —————————————————— Память ветерана МВД Андрея Платаева почтили в Алматы Мероприятие прошло на Центральном кладбище Алматы, где Андрей Георгиевич был похоронен. Почтить память бывшего министра внутренних дел Казахской ССР пришли ветераны ОВД и действующие сотрудники полиции. «Сегодня мы пришли почтить память человека, который много вложил в организацию работы МВД Казахской ССР, стояли у истоков создания одного из многофункциональных и мощнейших формирований обеспечения правопорядка и борьбы с преступностью. Его многолетний труд позволил подготовить плеяду высококвалифицированных кадров для правоохранительной системы страны и специалистов высших государственных структур. Андрей Георгиевич был хорошим наставником, учителем, которого всегда отличали высокий профессионализм, решительность, доброта, забота и внимательность к близким людям и своим молодым коллегам», - отметил в своем выступлении заместитель председателя Совета ветеранов ДП города Алматы Бауржан Рахимов. Андрей Георгиевич Платаев родился в 1924 году в селе Лебяжье. Он - участник Великой Отечественной войны. С 1946 года — на хозяйственной, общественной и политической работе. В 1946-1989 гг. — инструктор, завотделом райкома, секретарь Верхубинского райкома, второй секретарь Зыряновского райкома, председатель Зыряновского райисполкома, первый секретарь Зыряновского райкома, Зыряновского горкома КП Казахстана, секретарь Восточно-Казахстанского обкома КПК, председатель комитета народного контроля Восточно-Казахстанской области, заведующий отделом административных органов ЦК КП Казахстана, министр внутренних дел Казахской ССР, заместитель председателя совета ОСВОД. Избирался депутатом Верховного Совета Казахской ССР 8-го , 9-го, 10-го и 11-го созывов. Умер в 1989 году.
Hide player controls
Hide resume playing