Арнаға қолдау көрсету 5169 4971 8361 0090 kaspi Өткен аптада жантүршігерлік үш өрт болды. Қызылорда қаласында жалдамалы пәтер өртеніп, бесіктегі нәресте көз жұмды. Бір күннен кейін Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында пәтер өртеніп, бір отбасының 5 баласы қаза болды. Мұның бәрі 2019 жылы Астанада болған, 5 баланың өмірін жалмаған өртті еске салды. Одан бері 2 жыл уақыт өтсе де, халықтың әлеуметтік жағдайы әлі де төмен. Көпбалалы аналардың наразылығына билік құлақ асар емес. Үшінші өрт оқиғасы - Петропавлда болды. 5 қабатты жатақханада орналасқан дәмхананың газ баллоны жарылып, 2 адам мерт болды, 3 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Бір жағынан билік зардап шеккендерге халықтың көмектесуін сұраса, бір жағынан 124 миллион теңгеге түкке тұрғысыз суатқыш көлік алып жатыр. Сондай-ақ енді кәсіпкерлерге мобилді қосымша арқылы аударылған ақшаға салық салынатын болады. Одан бөлек орбитада қалықтап ұшып жүрген 300 миллион долларымыз бар. Бүгінгі шығарылымда осы жаңалықтарды талқылаймыз.
Hide player controls
Hide resume playing