Жаңа заң жобасы деп шулап жүргенімізде, баласынан таяқ жеп жүрген аналар жайлы ақпараттар шығып жаға ұстадық осы аптада. Басқа-басқа, баласы анасын қан-жоса етіп сабады, үйден қуып шықты, балағаттап боқауыз сөздер айтты деген жанға батарлық жаңалықты айтудың өзі ауыр. Бірақ проблема жүйелі түйткілге айналып бара жатқан кеселді айтып, иесін де жүйесін де табу бәрімізге парыз. Осы кезде Шыңғыс айтматовтың «Найман анасы» еріксіз еске түседі екен. Баласы Жоламан анасын өлтіріп тынады емес пе? Бірақ ол мәңгүрт еді. Қазір ең жақынына жәбір көрсетушілердің мәңгүрттеніп бара жатқаны ма? деген сұраққа итермелейді. Әлде бір анық себебі бар ма? Сюжет қарайық! #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing