Осы аптада Алматыдағы Ішкі істер министрлігі академиясының басшысы қызметінен босатылды. Еске сала кетейін, 13 желтоқсанда, аталған оқу орнының курсанты қазаға ұшыраған болатын. Айдың күннің аманында өзіне-өзі қол жұмсауға не түрткі болғанын тергеу орындары анықтайды. Бірақ марқұмның ата-анасы қандайда бір астар бар екеніне сенімді. Себебі соңғы уақытта ол жақындарынан бірнеше мәрте ірі сомада ақша сұраған. 3 жарым айда жиыны 630 мың теңге ақша аударыпты. Елдің бас полицейі академияның қаржылық шаруашылық қызметін толық тексеруді тапсырды. Себебі бұндай трагедия салаға абырой әкелмейтіні анық. Десе де ішкі істер органдарындағы қызметкерлердің жыл ішінде шалыс басқан кездері жоқ емес. Әсіресе өткендегі оқиға. Адамның бір қызығы сэлфи деген, фотоға түсуді жек көрмедім деп сөйлейтін заман ғой қазір. Полиция қызметкерінің күдіктімен суретке оның қызметіне крест, ішкі істер саласының абыройына тағы бір нұқсан. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing