Оған сәйкес тұрмысы төмен жандар әлеуметтік жәрдемақыны екі санат бойынша алады. Жұмысқа жарамсыздарға ай сайын шартсыз қаржылай көмек көрсетіледі. Ал табысы жоқ, алайда еңбекке қауқарлы азаматтар да қаржылай жәрдемге үміт арта алады. Ол үшін азамат атқарушы органдармен келісім-шартқа отыруы керек.
Hide player controls
Hide resume playing