Дәстүрге айналған жиынға Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Арман Рахимов төрағалық етті. «Жыл басынан бері жеке құрам арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, жұмыс сапасын арттыруға және ұжымдардағы моральдық ахуалды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар жүргізілді. Сонымен қатар, қызметкерлер арасындағы құқық бұзушылық деңгейін төмендету және олардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен құқыққа қарсы әрекеттердің басқа да деректерінің жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілуде», - деді, Арыстанғани Заппаров. Сонымен қатар, ПД басшысының айтуынша, жыл басынан бері «Integrity check» пилоттық жобасын жүзеге асыру барысында полиция қызметкерлерінен пара ұсыну туралы 26 дабыл келіп түсті. Аталған деректер бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданды. «Алматы полициясы қатарында қоғамдық тәртіпті тәулік бойы қамтамасыз етіп, қылмыстың бетін ашып, тергеп, қоғамға көмектесетін мыңдаған үлгілі полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігі үшін адал қызмет етуде. Олар жедел және қызметтік тапсырмаларды сәтті орындап, сол үшін Мемлекет басшысының, қала Әкімінің және Ішкі істер Министрлігі басшылығының марапаттауларына ие болуда. Біз осындай полиция қызметкерлерін әрқашан үлгі тұтамыз», – деді, Арыстанғани Заппаров. —————————————————— Антикоррупционная встреча прошла на базе ДП Алматы Председательствовали на встрече, ставшей традиционной, начальник Департамента полиции города Алматы генерал-майор полиции Арыстангани Заппаров и руководитель Департамента Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции по г. Алматы Арман Рахимов. «С начала года проведен комплекс мероприятий, направленных на профилактику правонарушений среди личного состава, улучшение качества работы и оздоровление морального климата в коллективах. Кроме того, в целях снижения уровня правонарушений среди сотрудников и недопущения чрезвычайных происшествий с их участием, на постоянной основе проводятся оперативно-профилактические мероприятия по пресечению коррупционных проступков и других фактов противоправного поведения среди личного состава», - отметил в своем выступлении Арыстангани Заппаров. Вместе с тем, по данным руководителя ДП, с начала года в ходе реализации пилотного проекта «Integrity check» было получено 26 сигналов от сотрудников полиции о предложении им взятки. По указанным фактам приняты меры в соответствии с законодательством. «В рядах алматинской полиции во благо безопасности граждан добросовестно служат тысячи образцовых полицейских, которые круглосуточно обеспечивают общественный порядок, раскрывают и расследуют преступления, помогают обществу. Они успешно выполняют оперативно-служебные задачи, за что получают награды от Главы государства, Акима города и руководства Министерства внутренних дел. Таких сотрудников полиции мы всегда ставим в пример»,- резюмировал Арыстангани Заппаров.
Hide player controls
Hide resume playing