✅ КОФЕ немесе ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ РЕВОЛЮЦИЯ Адам ағзасында аденозин деген гормон бар. Ол ұйқының келуі мен сергектікті реттейді. Ол күні бойы жиналып, күн батқан соң ағзаға ұйықтау керек деп сигнал береді. Ал кофеин әлгі гормонның әсерін төмендетеді де, ағзаны сергек етеді. Сол себепті оны ішкен адам - сергиді, ұйқысы қашады, зейіні артады, мидың белсенділігі өседі. Кофе ішкенде жағымды эмоцияларға жауапты серотонин мен дофамин гормоны бөлінеді де, адамның көңіл күйі көтеріледі. Сол себепті көптеген адамдар білім алу барысында кофе ішеді. 1511 жылы Меккедегі дін қайраткерлері “кофе харам“ деп үкім шығарады. Әрі қарай 1532 жылы Каирде, 1550 жылдан кейін Осман империясында тыйым салынды. Тіпті Мурад IV сұлтанның тұсында өлім жазасы тағайындалған (1623-1640). Кофеханалар адамдар көп жиналатын орынға айналған. Сұлтандар мұны үкіметке қарсы ұйымдардың ошағы ретінде қауіптенген. Кофеханаларда көтерілісшілер бас қосып, қастандық жоспарын құрады деп ойлаған. Сол себепті оны тыйым салу көп жағдайда саяси себепке байланысты еді. Ал дін қайраткерлері Сұлтандардың ығына жығылып, түрлі себептермен харамға шығаруға тырысқан. Тек 19 ғасырдың басында ғана тыйым жойылды. Аллаға шүкір, бүгінгі таңда мұсылмандардың кофеге деген көзқарасы түбегейлі өзгерді. Тіпті дін оқуын оқитын теологтардың ең сүйікті сусынына айналды. Алайда 500 жыл бұрын ол «мас қылатын сусын» деген айыппен харамға тіпті бидғатқа шығарылғаны тарихи факт болып қала береді. Мысалы зияны жоқ кофе харам болған, ал нағыз зиянды темекі өнімдері рұқсат (мубах) болған кезеңдерден өттік. Тек 1979 жылы Әл-Азхарда темекі шегу харам деген ресми пәтуа шықты. Демек бұрынғы пәтуалардың кейбірі рационалды әдіспен емес, эмоционалды әдіспен шығарылғаны айқын болады. Осылайша сол пәтуалардың зардабын бүгінгі мұсылмандар тартып жатыр. Кофенің мысалы секілді өзге жұрттың барлығы жілігін шағып, майын ішіп, пайдасын көріп болған соң – ылғи көштің соңында жаңашылдықты қабылдап жататын әдетіміз бар. Сол себепті болашақ дін қайраткерлері – пәтуа шығару мәселесінде рационалды әдіске жүгініп, жеті рет өлшеп бір рет кескені абзал! #ОянМұсылман #ИсламиРенессанс #ҒылымнанАрттаҚалу
Hide player controls
Hide resume playing