Қайғылы оқиға «Қалқаман» шағын ауданында орын алды. Жаяу жүргіншілер өткелінде «ГАЗ-53» көлігі жасөспірімді қағып кетті. Жол апатынан кейін жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды. «Бір тәуліктен кейін жүргізуші Алматы облысында алкогольдік және есірткілік масаң күйде ұсталды. Көлік жақын маңдағы көшеден табылған, ол соқтығысқаннан кейін оны тастап, жаяу қашып кеткен. Тексеру барысында жүргізуші 2020 жылы 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Қазір ол қамауда. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК-нің 347-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ Іздестіру бөлімінің бастығы Қайсар Төлебеков. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады. ——————————————————————————— Полиция Алматы: водитель, сбивший подростка, задержан. Трагедия произошла в микрорайоне «Калкаман». Автомашина марки «ГАЗ-53» на пешеходном переходе сбила юношу. После совершения ДТП водитель грузовика скрылся с места происшествия. Подросток погиб на месте. «Спустя сутки водитель был задержан в Алматинской области, в состоянии алкогольного и наркотического опьянения. Машина была обнаружена на соседней улице, там он ее бросил после наезда, а сам скрылся в пешем порядке. В ходе проверки установлено, что в 2020 году водитель был лишен права управления ТС на 7 лет. Сейчас он взят под стражу. Данный факт расследуется по ст.345 ч.3 УК РК и ст.347 УК РК», - рассказал начальник отдела розыска УМПС ДП города Алматы Кайсар Тулебеков. В соответствии со ст.201 УПК РК иная информация в интересах следствия распространению не подлежит. В соответствии с подпунктом 1 пункта 3 статьи 77 Конституции РК и частью 1 статьи 19 УПК РК, каждый считается невиновным пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет установлена вступившим в законную силу приговором суда.
Hide player controls
Hide resume playing