ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау, сондай-ақ халықпен тікелей кері байланыс үшін тұрақты жұмыс істейтін алаңдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Талдықорған қаласында «109 - қызметі» жұмыс істейді. Жүйе әр түрлі көздерден, арнайы мобильді қосымшаны қолдану арқылы 109 қысқа нөмірі арқылы Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми сайты, телеграм бот және әлеуметтік желілер арқылы өтініштерді қабылдайды. Төтенше емес сипаттағы тұрғындардың өтініштері мен шағымдары қала тіршілігінің барлық саласында қабылданады, тіркеледі, орындалуға жіберіледі және бақылауға алынады. Мәселе шешілгеннен кейін өтініш берушіге кері есеп жіберіледі.
Hide player controls
Hide resume playing