Алматы облысында жаңа локдаун жарияланады. Алатау баурайындағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағанына байланысты алдағы демалыс күндері Талдықорған қаласында, Көксу, Ескелді аудандарында қосымша шектеулер енгізілгелі жатыр. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 13 қаңтардан бастап мейрамханалар мен дәмханалардың, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің, азық-түлік базарлары, дәріханалар, сұлулық салондары мен химиялық тазарту орындарын қоспағанда жабық базарлардың, сауналар мен СПА салондардың, спорттық-сауықтыру орталықтары және мұз айдындарының жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ, осы жылдың 21 қаңтарына дейін аталған аймақтардың мектептерінде онлайн оқыту мерзімі ұзартылды. Аурудың жылдам таралуы бұл аймақта қазаннан басталды. Қыркүйекте 74 науқас анықталса, келесі айда бірден 184, қарашада - 591, жыл соңында 1386-сы бір-ақ шықты. Ал кеше Жетісу жерінде 597 адам коронавирус жұқтырған. Алматы облысының кейбір аудандары “қызыл“ және “сары“ аймақтарда қалып отыр.
Hide player controls
Hide resume playing