Қадірді бауырлар! Елімізде тұңғыш рет осындай көп жамағат жиналған ауыз ашар жасалды. Талдықорған қаласында Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы, қала әкімі Ғалымжан Райлұлы, Иман мешітінің бас имамы Ардақ Оразханұлы сынды тағы басқа азаматтардың ұйытқы болуымен 1500-2000-ға жуық адамның қатысуымен осындай берекелі ауыз ашар ұйымдастырылды. Ауыз ашар Талдықорған қаласындағы Иман мешітінің ауласында өтті. Алла Тағала елімізге тыныштық берсін, оразаларыңыз қабыл болсын.
Hide player controls
Hide resume playing