Оған қылқалам шеберінің түрлі бағыттағы 70-тен аса туындысы қойылды. Он бір жасар оқушы сурет салуды төрт жасынан бастаған. Сондықтан, оның таңдаған тақырыптары да әралуан. Кәсіби мамандардан тәлім алған ол сурет бояулары мен композиция жанрларын жетік меңгерген. Әлемдік көрмелерде ел абыройын асқақтатып, өнерін танытып жүрген жастың еңбегін белгілі суретшілер жоғары бағалады. Себебі, кішкентай қыздың бойында шығармашылық шабыт, өмірге деген құштарлық бар, - дейді олар.
Hide player controls
Hide resume playing