Қарағанды облысынан хабар тарататын Азаттық тілшісі Елена Вебердің сөзінше, 30 шілде күні журналистің Теміртаудағы үйіне өзін Қарағанды облысы әкімдігінің қызметкерімен деп таныстырып, «Жұлдыз Жубасбаева» деген атқа ұқсас жазуы бар қызметтік куәлігін көрсеткен әйел кірмек болған. Вебердің айтуынша, үйге келген азамат журналистің жеке басы мен отбасына қатысты деректерді сұраған. Тілші ақпарат беруден бас тартқан. Біраздан соң үйінен шыққан Азаттық тілшісі сол азаматты үй маңынан тағы көрген. Мұнда не істеп жүргені туралы тілші сауалына «әкімдік қызметкері» нақты жауап бермеген. Вебердің көршілері белгісіз әйелдің өздерінен Азаттық тілшісі мен оның отбасы мүшелеріне қатысты мәлімет сұрағанын айтқан. Біршама уақыттан соң үйіне қайтқан тілші сол маңда азаматтың әлі жүргенін көреді. Елена Вебер камерасын қосып, азаматтан кім екенін сұрағанда, әйел бетін жауып, әлдекіммен телефонмен сөйлесіп тұрып, сұрақтарға жауап беруден бас тартқан. Біраздан соң оны белгісіз азамат алып кетті. Екеуіне де камерадан жүзін бүрке
Hide player controls
Hide resume playing