Бүгін, 22 шілдеде Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаева мен оператор Тоқмолда Құсайыновқа белгісіз біреулер шабуыл жасады. Азаттық тілшілері таңертеңгі сағат 11-де Алматыдағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросындағы баспасөз жиынына барған. Ғимараттың төртінші қабатына көтеріліп бара жатқан журналистерге тарпа бас салған бес әйел оларға қол жұмсап, кәсіби техникасын сындырды. Шабуыл жасаған әйелдердің көбі полиция келгенше кетіп қалды. Тек бір әйелді полиция көлікке отырғызып, әкетті.
Hide player controls
Hide resume playing