Атырау облысы Құлсары қаласы — биылғы су тасқынынан ең ауыр зардап шеккен елді мекеннің бірі. 66 мың адам тұратын қаланың жартысынан астамын су алып, үш мыңға жуық үйді су алды. Құлсарыдан 34 мыңдай адам көшірілді. Тасқын қаупі әлі сейілген жоқ. Судың ағысы қатты. Қазір құтқарушылар мен қарапайым азаматтар Жем өзенінің арнасын бекітіп, қарғын суды тосуға тырысып жатыр. Азаттық тілшісі Айнұр Сапарова оқиға орнынан баяндайды. Бізге жазылыңыздар: Facebook: Instagram: Youtube: азаттык Twitter: Tiktok: @ Telegram: WhatsApp:
Hide player controls
Hide resume playing