Жер байлықтың көзі, еңбеккер иесінің өзі деген жақсы бір сөз бар қазақта. Алайда байлықтың көзін бай иеленсе, еңбеккер қалай жер ембек? Түстіктегі ауыл тұрғындарының бұйымтай базынасы көбейіп тұр осы күні. Біз бұрнағы жылдары Солтүстік Қазақстан Обылысына қарасты Айыртау ауданы тұрғындарының жанайқайын жария қылып репортаж көрсеткен едік. Ауылдағы ағайынның егіншілікті былай қойғанда мал бағатын жері жоқ екенін айттық. Жер жарықтықтың бәрін алпауыт агрофирмалар иемденіп, банкке кепілге қойып тастайды екен. Қолдың қысқалығынан қор болған шағын шаруалар шырылдаған даусы жоғарыға жетсе керек, апта басы Ақжолтай жаңалық естідік. Сол жерлердің құқығын сот ауылдықтардың пайдасына шешіп беріпті. Алайда. Алайда солтүстіктегі осы тектес түйткілдердің түйіні тарқайтын түрі жоқ. Тайынша ауданының тұрғындары редакциямызға хабарласып отыр. Шаруа қожалығын ашып, жер игергіміз келеді дейді.
Hide player controls
Hide resume playing