КТК каналында “буллинг“ деп аталатын сюжет көрсетілді, бірақ сюжетте субъективті бағаланатын “буллинг“ туралы емес, атап айтқанда - бөтеннің мүлкін күштеп алу туралы, сондай-ақ жасөспірімдер тобы қорқыту арқылы бөтеннің мүлкін оларға беруді қалай талап еткені туралы айтылады. Ювеналдық әділет әлемі - бұл әділеттен тыс батпақты жер. Бұл жерді басқаратын билік өкілдері емес, тіпті заң да емес, атап айтқанда, ойына келген нәрсені жасайтын ювеналды құрылымдар. Батыстың үлгілі елдерінде ювеналдар - бұл кәдімгі балалармен сауда жасау бизнесі. Сондықтан ювенал-кәсіпкерлер балаларға сәйкесінше - торайлар немесе қаздар секілді қарайды: көбірек пайда табу үшін өсіреді. Бұл қалай болғаны? Адам баласы мал емес қой, адам құқықтарын сақтауға заңдар кепілдік беруі тиіс. Дәл осы жерде зұлымдықтың тамыры жатыр. Осыны түсіну және оны қазақстандық заң шығарушыларына жеткізу өте маңызды: ювеналдар өзінің шіріген жүйесінде заңдардан бөлек өмір сүру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады. Олардың ниетін: Аймагамбетов А.К., Бейсенбаева Е.С., Еспаева Д.М., Сулейменова Ж.Д. депутаттары әзірлеген “әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі туралы“ заң жобасы өте жақсы көрсетеді. Бұл депутаттар: «буллинг» деген айыппен балалардың ата-аналарына (шамамен 40 мың теңге) айыппұл салғысы бар. БІРАҚ!!! Буллинг дегеніміз не? Ұйғарымы бұлыңғыр: «қорлайтын сипаттағы әрекеттер» деп кез-келген нәрсені белгілеуге болады: итермелеу, қалжындау немесе әзілдеу. Бір бала аяқтан шалынып құлағанды қорлық деп сезінсе, екіншісі күледі және жағдайды ойын ретінде қабылдайды. Адам арасындағы қатынастардың барлық жағдайларын, әсіресе өсу кезеңін реттеу мүмкін емес! Дәл осы себептен заң мұндай ақымақтықпен айналыспайды. Тым тұрақсыз, икемсіз, бұлыңғыр тұжырымдама. Бірақ ювеналдарға осындай жағдайлар өте жағымды болып тұр. Мәжілісте ұсынылған заң жобасына қарағанда, дәл осындай тұрақсыздықты ұнататындарға шешім қабылдау құқығын бермек. Білім министрлігінің 2022 ж бекіткен (Аймағанбетов кезінде) Буллингті алдын-алу ережелері бойынша, буллингті талдайтындар - ол мұғалімдер мен психологтар. Ал «білім беру саласындағы атқарушы орган» «балаға қорлық болғанын мойындау немесе мойындамау туралы шешім қабылдайды». Полиция араласпайды! Сонда не болмақ? Айыппұл тағайындаушылар құқық саласына қатысы жоқ адамдар болмақ па? Бұл ата заңның негіздеріне сай емес! Кез келген күнәні құзыретті органдар анықтап қылмыстық, әкімшілік немесе азаматтық сот шешім қабылдау керек. ҚР Конституцияның 75-бабының 1-тармағында әділет төрелігін тек сот жүзеге асырады делінген! Енді басқа жағынан келейік. Құқықтық білімі жоқ мұғалімдер, әдейі немесе білместіктен нағыз қылмысты - бұзақылық, тонау, жеңіл дене жарақаттарын жасағанды буллингпен жаба салуы мүмкін. Сонда нағыз қылмыскер жәй айыппұл төлеп құтылмақ! Осылайша, буллингке қатысты шаралар жәбірленушіге қарсы болады және агрессорды жазадан қорғайтын болмақ. Қазір қылмыстық және әкімшілік кодекстер өте нақты реттелген. Бұл нақтылықты ювеналдар бұлыңғыр қисынсыз еткісі келеді. Олар ауыр қылмыстар мен кішігірім оқиғаларды, тіпті әкімшілік құқық бұзушылыққа жатпайтын істерді, бір қазанда араластырмақ. Не болып жатқанын ешкім түсінбеуі үшін. Ал ата-аналар дұрыс түсіну керек, кез келген баласының ресми расталған және штраф төленген «құқық бұзушылық», ол ата-ананың құқықтарына және беделіне соққы, ертең ол ата-ана міндетін дұрыс атқармайды деген айыпқа ілінуі мүмкін, сол салдардан баласынан да айырылуы әбден мүмкін. Елдің тағдыры ювеналдардың қалауы бойынша шешілмек.
Hide player controls
Hide resume playing