Myvideo

Guest

Login

азаты сол ыздары-ай - Ермантай Нсіплы /Дос тобы

Uploaded By: Myvideo
10 views
0
0 votes
0

Қазақтың сол қыздары-ай Сөзі: Мұрат Нүсіпұлы Музыкасы: Ермантай Нүсіпұлы Шоқ бо(лы)п өскен шың-құзда, Бәйшешек пе, қырмызы ма? Қимай қарай беріппін, Жымың еткен жұлдызға. Кім қарамас көз сүзіп, Құлаң шашы жер сызса. Халалакку лай-лой шіркін-ай Қазақтың сол қыздары-ай... Жүйрік таңдап мінісіп, Күміс тұрман тағысқан. Жерден теңге ілісіп, Жігіттермен жарысқан. Қыз қуарда тым үстем, Әріптесін қағытқан. Халалакку лай-лой шіркін-ай Қазақтың сол қыздары-ай... Күлкілері бұлақтың Сыңғырына қосылар, Жарығындай шырақтың Жанарының оты бар. Көлдеріндей қыраттың Мұңды қылған тотылар, Халалакку лай-лой шіркін-ай Қазақтың сол қыздары-ай... Арғымағын ойнатып Ауыздықпен алысқан. Жылқы жиып, қой быққан Отар көшіп алыстан. Жеңіл қимыл желікпен Сағым қуып жарысқан. Халалакку лай-лой шіркін-ай Қазақтың сол қыздары-ай... Мынау елдің ұланы Жатқа намыс бермейді. Алтын қанат қыраны Биіктерге өрлейді. Сақтап келген мұраны Қазақ қызы өңдейді. Халалакку лай-лой шіркін-ай Қазақтың сол қыздары-ай...

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later