Елімізді 20 жыл бойы зерттеп, кітап жазған британдық 86 жастағы жазушы Талдықорғанға келді. Кітап «Томас, Люси және Алатау: Сібір мен қазақ даласындағы Аткинсондардың шытырман оқиғалары» деп аталады. Онда бір жарым ғасыр бұрын Орал арқылы Алтайға сапар шеккен британдық ғалымдардың көрген-білгені, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі баяндалған. Және олардың тұмса табиғатты бейнелеген суреттері беріліп отыр. Жетісу жеріндегі қиын да қызықты сапары кезінде ерлі-зайыпты зерттеушілер нәрестелі болған екен. Баласының есімін «Алатау Тамшыбұлақ» деп атап, жергілікті халыққа деген құрметін білдіріпті.
Hide player controls
Hide resume playing