Myvideo

Guest

Login

Математик Марат Нртас жер сілкінісі болатын жерді жне уаытын дл болжауа болатынын жеткізді

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Математик Марат Нұртас жер сілкінісі болатын жерді, тіпті қажет болса уақытын да дәл болжауға болады деп отыр. Ол үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажет екен. Мәселен, ғалым күні кеше ғана Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелген жерасты дүмпулері жайлы алдын ала білген. Тіпті, ол туралы ғылыми зерттеу жүргізіп, жариялап үлгеріпті. МАРАТ НҰРТАС, ғалым: – Деректерді өңдеу барысында 6 баллдан жоғары қарай алдық. Сонда 6 баллдан 9 баллға дейінгі аралықтағы мүмкіндікті қарастырдық. Сонда ол біз көрсеткендей 6 баллдан жоғары болып шықты да сосын бағанағы жер сілкінісі ошағы біздің осы еліміздің территориясына әсер етті. Біздің көрсеткен жерлер ана Владивостокта және ең негізгі осы өзіміздің қазіргі солтүстік батыс Қытайда жәнеде Түркияда болған жерлер. Бірақ ол жерде нақты жасанды интеллект керек болса, уақытына дейін айтып береді. Бәрібір жасанды интеллект болғаннан кейін ол жердегі кейбір даталарды анық көрсетпеуге тырыстық. Бірақ біздің нақты көрсеткеніміз орны мен магнитудасы. 6 баллдан жоғары деген. Модельдеріміз 80 пайыз дәлдікті көрсетсе, нақты уақытын болса ол 50 пайыз болып тұр. Соны жоғарылату мақсатында қазір қайтадан осы жұмыстың жалғасын жасап жатырмыз. Бұл тек басы ғана. Ғалым бұл бастамасын әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр. Айтуынша, жер сілкінісін болжауға мүмкіндік беретін жасанды интеллекті мейлінше дамытуға күш салады. Мәселен, математик бұл жолы зерттеудің дәстүрлі әдісіне шолу жасаған. Артықшылығы мен кемшілігін нақтылаған. Сөйтіп, өздерінің ғылыми зерттеуі үшін белгілі бір аймақты таңдап алыпты. Сосын кейінгі 100 жыл ішіндегі мыңдаған деректі жинақтап, қайта өңдеген. Әрі, талдау барысында бірнеше алгоритмді қолдануды жөн көрген. Сондай-ақ, қолда бар ақпарды толық зерделеу үшін оларды 20 жылдық интервалмен бөліп қарастырып, арасында белгілі бір маусымдық заңдылықтар барлығын анықтаған. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 @informburo31kanal Informburo kz @informburokz2022 Facebook - Instagram - Vkontakte - TikTok - @informburo31 Біздің сайт: және Біздің WhatsApp 7 777 331 31 31 #Информбюро #31арна #Жаңалықтар #БастыЖаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later