Алдағы уақытта еліміздің саяси өмірінде де елеулі өзгерістер орын алуы мүмкін. Енді партия құрғысы келетіндер бұрын 40 мың қол жинап қиналса, қазір бұл меже 20 мыңға төмендетілмек. Апта басында президент Саяси партиялар туралы заңға қол қойды. Бұдан бөлек парламенттік оппизия туралы заң жобасы да парламент палаталарының батасын алды. Енді Ақ Орданың есігін ғана қағу қалды. Саяси реформаларға тың серпін беру үшін Парламенттік оппозия болуы шарт деп мемлекет басшысының бастама көтергені кеше ғана. Ол қазір көлемді құжат болып дайын тұр. Әсілінде өркениетті қоғамда оппозициялық күштердің көшеде шерулете бермей, парламент қабырғасында билікке өз баламаларын ұсынуы тиіс. Біздің ел бұған дайын ба? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing