Myvideo

Guest

Login

Шойын жол бойындаы ауіпсіздік мселесі кн таырыбынан тспей тр.

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Шара барысында көліктегі полицейлер 37 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Олардың ішінде темір жол вокзалында мас жүрген азаматтар, қалта ұрылары мен қоғамдық орындарды ластаған жолаушылар бар. Жол қозғалысы саласының мамандары бүгін тұрғындар қалашығында орналасқан өткелдің бойында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шойын жолды кесіп өтпек болған тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Темір жол бойында сақтық шарасының сақталмауы көлік полицейлерін алаңдатып отыр. Азаматтардың пойыздардың қозғалыс аймағында қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы, өлімге әкелетін басты себеп. Адамдар темір жолды кесіп өткенде, алкогольді ішімдік ішкен мас күйінде, телефонмен сөйлескенде немесу құлаққаппен жүргенде пойыздың шуымен машинистің сигналын естімейді. Биыл Ақтөбеде 1 адам пойыздың астына түсіп, ажал құшты. Сайт телеканала Twitter Вконтакте

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later