Әлеуметтік желіге тараған мына оқиға дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Кадрде құлаққап тағып алған жасөспірім шойын жолды кесіп өтпек болған. Баланы байқаған машинист үзбестен сигнал береді. Алайда, бала бір селт еткен жоқ. себебі құлаққаппен музыка тыңдаған. Мұндай жағдай Ақтөбеде бірнеше рет болды. Биыл 3 адамды пойыз қақты. Біреуі суицид болса, екі қала тұрғыны абайсыздан ажал құшты. Полицейлердің айтудан кемі жоқ. Алайда нәтиже көңіл көншітпейді. Темір жол вокзалында тәртіп қатаң. Нысандағы бөлімшеде жедел, уәкіл, криминалист, патрульдік полиция қызметкерлері қызмет етеді. Жан-жақтан келіп-кететін қонақтар мен тұрғындардың тыныштығын күзетіп жүрген Желілік полиция бөліміндегі тәріп сақшылары үнемі осы маңда. Әйтсе де, пойызда ұялы телефон, ақша ұрлығы сынды қылмыстар дамылдар емес. Пойызға өзімен бірге пышақ, кастет сынды суық қару алып өтпек болатындар көбейген. Дені жастар. Темір жол вокзалында дамыл жоқ. Тәулік ішінде бұл жермен 24 пойыз өтеді. Үшеуі халықаралық. Жолаушылар ағымы 3000 ға барады. Сондықтан бақылау да мықты болуы тиіс. Жолаушылар мен тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда. Сайт телеканала Twitter Вконтакте Telegram
Hide player controls
Hide resume playing