Темекі харам ба? Темекі ХV ғасырдан кейін Ислам елдеріне тарала бастады. Сол уақыттан бері ислам ғұламалары темекінің үкіміне баса назар аударған. Түркияның Ислам құқығы профессоры, доктор Хайреттин Караман «Хелаллер-Харамлар» (Helaller-Haramlar) атты кітабында темекі жайлы былай баяндалған: Темекіні мүбәh деп санайтындар оның зияны жоқтығына және Алла тарапынан тыйым салынбаған дәлелдерге сүйенеді. Құдіретті Алла Тағала – барлық дінді жаратқан, өзгерткен. Адамдар дін атын жамылып ойлап шығарған барлық нәрсені дін дей алмаймыз. Діни заңдылықтар – Алла Тағаладан, ал дінді жаюшы – пайғамбарлар. (Abdülhakîm-i Arvâsî) а) Қазіргі таңда темекіні ғылыми тұрғыдан нақты зиянсыз деп айтуға болмас; ә) Алла Тағала тыйым салмады деп те айтуға болмайды. Себебі, Жаратушы Иеміз әр харам жайлы атап айтпаған. Темекі шегуді мәкрух дейтіндердің сүйенетіні: бекітілген бір үкімге «харам» деуден бас тартулары және темекінің зияны жайлы нақты ақпараттың жоқтығынан деп есептейді. Темекі шегуді (нашақорлық) харам деп санайтындар
Hide player controls
Hide resume playing