Сонау ғасырлар бойы құмай тазы қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің, күн көрісінің, саятшылығының, мәдениетінің айнымас бөлігі болып келеді. Қай ғасырда да жетінші қазынасын, асыл жануарын жанынан қалдырмай - осы заманға дейін сақталып келеді. Қазіргі кезде тұрмыс - тіршілігімізге, күнкөрісімізге тікелей пайдаланбасақ та санын азайтпай, қадірін түсірмеуіміз керек. Заман талабына сай, халық аралық жүйрік ит тұқымдастарының көшінен қалдырмай құмай тазыны да жан - жақты дамытуымыз керек. Қазіргі заманға сай шырға тарту (курсинг) құралы арқылы тазыларды шынықтырып жатырмыз. Тазылар шырға тартқанға да, аңға да жүгіріп тұрғаны заман талабы болып тұр. #құмайтазы #қазақстан #жаркент #hunting #hare #dawn #dog #saluki #salukisofinstagram #астана #ақтөбе #алматы #қызылорда #шымкент #animals #almaty #семей #маңғыстау # #природа #охотаназайца #охота #собаки #орал #зима #новыйгод #nature #фотосессия #фотография #zharkent
Hide player controls
Hide resume playing