Ассалаумағалейкум қазақ елі! Жазиралы Жаркент өңірінде алғаш ұйымдастырылған тазы жарысы (курсинг) сәтті өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жанашырлық танытып, тәжірибелерімен бөлісіп, тілеулес болған барша қазақы құмай тазы жанашырларына алғыс білдіреміз. Аздаған техникалық ақауларға қарамастан, жарысты қызықтап, қошеметтеп, алғаш ұйымдастырылғанын ескеріп келген көрермендер мен қатысушырарға үлкен рахмет айтамын. Талайға қонақжайлылығымен танылған Талды ауылының таудай жігіттері бұл жолы да қарап қалмай, барша жиналған жұрты құырдақпен қарсы алып, жақсы құрметпен шығарып салды. Құмай тазыны дамытудың жолындағы көшіміз жүре түзеліп, бір орында тұрып қалмай, Бисмилля деп алға баса бермек... Сонау ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ұлттық саятшылық өнерімізді сақтап, дамытып, атадан балаға мирас ету біздің міндетіміз. Ерте заманнан сұлулығы таңдай қақтырып, мүсіні тасқа қашалып, қажет кезде бір ауылды асыраған қазақы құмай тазының тұқымын сақтап қалу бабалар аманаты. Жүлделі болған жүйрік
Hide player controls
Hide resume playing