Ертең, Қиямет күні, адам сауапқа мұқтаж болып, не істерін білмей дал болатын кез болады. Кішкентай болса да жасаған жақсылығына қуанатын болады. Ол күні шаңның тозанындай болған кіші амалдар да есеп таразысына қойылады. Сол күні сүннетке сай су ішкеніңіз үшін сауапқа кенелгіңіз келеді ме? Егер жай ғана су ішкеніңіз құлшылық ретінде саналуын қаласаңыз, онда Пайғамбарымыздың (ﷺ) су ішкеніндей су ішуге тырысып жүріңіз! Ал ол қалай екенін білгіңіз келсе, осы қысқа видеода шейх Хасан Әли оны бізге көрсетеді ❤️
Hide player controls
Hide resume playing