Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр. Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр деп хабарлайды 31 арна. Біріккен Араб әмірлігінен келген қос азаматтың қымбат көлігінен тәртіп сақшылары тұқымы сиреп бара жатқан бірнеше «қарабауыр бұлдырығын» тәркілеген. Бірақ олар, жазадан жалтарып кетуі бек мүмкін. Аңшылыққа шыққан араб азаматтарын прокуратураның шешімімен тәртіп сақшылары босата салыпты. Серілік жасап бой сергіту үшін Араб әмірлігінен келген мына азаматтар Бетпақдалада білгенін істеген сыңайлы. Бес аспабы түгел араб азаматтары мінген жол талғамайтын көліктерінен бір дана шалажансар «қарабауыр бұлдырығы» және бесеуінің өлі денесі тәркіленді. Бұдан басқа дуадақ етіне ұқсас екі қап пен аңшы мылтығы және жеті оқ табылды. Белгілі болғандай аңшы мылтығы мен жеті оқтың рұқсат құжаттары жоқ. Қызыл кітапқа енген құстарды қырудың жазасы қатал. Бірақ жайшылықта тауық ұрлағанды түрмеге тоғытатын тәртіп сақшылары, табиғатта тұқымы сиреп бара жатқан
Hide player controls
Hide resume playing