ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Байзақ ауданы аумағындағы жергілікті маңызы бар «Сарыкемер-Үшбұлақ» көлік жолында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Фольксваген-Пассат» маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, бетон бағанаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 12 жасар бала қаза тапты, ал 11 жастағы бала түрлі дене жарақаттарымен Байзақ ауданының орталық ауруханасына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.
Hide player controls
Hide resume playing