“Қариялар азайып бара жатыр, неменеге жетістің бала батыр”, - деген Мұқағалидің өлең жолдары дәл бүгін еуропалықтар үшін маңызды болып тұр. Коронавирус індеті қарт құрлықтың қарттарын қырып барады. Covid-19 жұпасынан көз жұмғандардың 90 пайызы егде адамдар. Обалы нешік, Италияда пайғамбар жасын еңсергендерді емдеуден бас тартып жатыр. Себебі таңдау біреу, жасты құтқарамыз ба, кәріні құтқарамыз ба деген диллема? Бұдан артық қандай трагедия керек. Осы орайда біздегі жағдай қандай деген ой еріксіз туындайды. Себебі індеттен қайтыс болған үшеудің екеуі 60-тан асқандар. Жұқтырғандар арасында да қариялар жоқ емес. Айтпақшы парламенттегі депуттардың да біразының самайын ақ шалған. Оларға да жан керек. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing