Бұл аптада бұқара арасында ең көп талқыланған тақырып шетел көліктері. Жаңа жылдан бастап ІІМ қырғыз, армян, орыс, беларусь автомобильдерінің ізіне түсті. Елімізде 200 мыңға жуық тіркелмеген темір тұлпар тайраңдап жүр екен айтуларынша. Министрлік мәселені шешу жолын таппады, әуелде әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмағандықтан таныс емес нөмірлер қаптады. Енді полиция проблемаға май шаммен үңіліп, көлік иелері түңіліп жатыр. Бір жылдары Алатау асып, қырғыз көліктері қазақ даласына ағылып еді, былтырдан бері Каспий айналып, армян машиналары лек-легімен кірді. Себеп анық. Елде көлік қымбат. Арғымақ деуге ауыз бармайтын жаман-жұмандарының бағасынан адам тұрмақ, ат үркеді. 3-4 млнға сырттан сапалысын алғаным артық дейді жұрт. Бірақ заңның талабы бар. Сонымен тараптар уәжі қандай? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing