Мәжілісмендер 1 қыркүйектен кейін де ел аумағына кіргізілген көліктерді заңдастыруды ұсынып отыр. Себебі қазақстандықтарға шетелге тіркелген көліктерді алып келуге ешкім шектеу қоймаған. Cоның салдарынан небәрі алты-ақ ай ішінде елге 80 мыңнан астам көлік заңсыз кіргізіліпті. Бұл ресми дерек. Демек, шекаралық бақылау жоқ дейді депутаттар. Сондықтан, бұл үдеріс тоқтатылмайынша заңдастыру уақытын ұзартқан абзал екен. Депутаттардың пікірінше, қазір елдегі көліктердің дені ескі. Кемі 30 жыл жүрген. Бірақ бағалары шарықтап тұр. Әрі Қазақстанда құрастырылған автокөліктердің де құны удай. Алайда сапасы бағасына сай келмейді. Сол үшін ел машинаны көрші елдерден заңсыз әкелуге кө
Hide player controls
Hide resume playing