6 шілде күні Қазақстанның бірнеше қаласында билікке қарсы митингіге шықпақ болғандарды полиция ұстап әкетті. Осы оқиғалардан тікелей байланыста хабар таратып жүрген Азаттық тілшілерінің жұмысына белгісіз біреулер кедергі жасады. Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласында бұндай кедергі жиі қайталанады. Бірақ полиция қызметкерлері, оның ішінде Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев кедергілерді “көрмеді, білмеді“.
Hide player controls
Hide resume playing