Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру“ мемлекеттік бағдарламасында отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріне, яғни туған жеріне деген сүйіспеншілікпен басталатынын қадап айтқан еді.Осындай мақсатпен “Өлкетану“ жобасы аясында Атырау қаласының белсенді жастары мен балалар үйінің тәбиеленушілері Махамбет ауданындағы “Дастан“ шаруа қожалығына барды.Олардың арасында өзге ұлт өкілдері де болды.Киелі Махамбет ауданындағы шаруа қожалыққа барғандағы мақсат балаларды еңбекке баулу, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.Осы бағытта жеткіншектер өздері тәрбиеленіп жатқан үйлеріне бірнеше қаптан көкөністер жинады.Бұл жұмыс балалардың өздеріне ұнағаны соншалық олар көпке дейін бұл жерден кетпеді.
Hide player controls
Hide resume playing