Бензин қымбаттауы мүмкін. Ішкі нарыққа жетпегеннен емес. Алып-сатарлардың кесірінен деп айту керек шығар. Өйткені, елімізден жанармай вагон-вагонымен шетке кетіп жатыр. Соның әсерінен жақын арада жанар-жағармай тапшылығы туындап, баға өсуі әбден мүмкін. Мәселен көрші Ресейде ең өтімді АИ-92 маркалы бензин бізден 70-80 теңгеге қымбат сатылады. Осыны ұтымды пайдаланған пысықайлар, вагонды қойып, канистрмен, түрлі көліктермен айына 50 тоннаға дейін сұйық отынды әкетіп жатыр. Темір жолмен тасымалдауға тыйым салынса да, ол заңды әзірге елеп жатқан ешкім жоқ. Ал, бензин қымбаттаса, бәрі қымбаттайтыны айтпаса да түсінікті. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing