ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІНЕ (COVID-19. Хроника. ). Жаны алқымға тығылып, Жете алмай ауруханаға, Қынадай халық қырылып, Қырылдап қалды далада! Кешірші бізді, кәрі ана, Кешірші бізді, жан-аға! Зар болып, өлдің далада, Бір жұтым таза ауаға! Өзіме қарсы денем бұл, Шығарма дейді даусыңды. Коронавирус деген бір Көрінбес көзге жау сынды. Бір жұтым ауа... аңсаған, Шырылдап шыбын жан тәтті-ай. Мерт болды бүгін қанша адам, Соғыста кеткен солдаттай?! Мәйітке толды көр іші, Марқұм боп қазақ-орысы. Адам м
Hide player controls
Hide resume playing