Алик Айдарбаев облыс халқына үндеу жолдады Бүгін облыс әкімі Алик Айдарбаев қоғамда үлкен талқылауға түсіп жатқан жер реформасына қатысты аймақ тұрғындарына арнайы үндеу жариялады. Онда Алик Айдарбаев әлеуметтік желілердегі түрлі арандатушылық әрекеттерге және дақпыттарға ермеу қажеттілігін атап өтіп, ел үшін ең бастысы тұрақтылық пен татулық екеніне тоқталды. Облыс тұрғындарын сабырлылыққа шақырды.
Hide player controls
Hide resume playing