Кім айтыпты мінсіз деп Нұрағамыз! Сұранамыз – Айтпаңызшы кинодай құрап аңыз! Әлемдердің Патшасы болмаған соң, Кемшіліксіз болмаймыз сірә да біз. Қаны қазақ бауыр ғой, жаны қазақ, Колбинге де кезінде шыдағанбыз! Бесіктен кеше шыққан ел едік қой, Бекіген жоқ әлі де бұғанамыз. Патшаға тіл тигізу – сүннетте жоқ, Бұл деген барып тұрған күнә нағыз. Жанында жүрмеген соң күнде көріп, Жағдайын қалай оның ұға аламыз?
Hide player controls
Hide resume playing