«Елбасы Жолы. Астана» фильміне Астанамыздың салыну тарихы арқау болған. Оқиға 1994 жылдың шілде айынан бастау алады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін қайта құрылған мемлекет – Қазақстанның тәуелсіз дара жолы басталады. Экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздыққа тап болған сол бір қиын-қыстау кезеңдерде, мемлекет Президенті астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынады. Бұл ұсыныс барша халық үшін күтпеген оқиға болды, мұндай шешімнің іске асатынына және оның жемісті болатынына ешкім сенбеді. Бірақ қауіп-қатер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан астананы көшіру күшіне еніп кетті. Күдікке, күмәншілдердің сыны мен қаржылық қиындықтарға төтеп бере отырып, Президенттің басшылығымен еліміз межеленген мақсатты іске асырды. 1998 жылдың 10 маусымында жаңа астана – Астана қаласының халықаралық тұсаукесері өткізілді. Сол кезден бері бірталай уақыт өтті, қазір жаңа астанамыз Қазақстанның экономикалық, геосаяси және стратегиялық маңызды шешімі болғанына оң баға беруге болады. Астана – орындалған арман қаласы, мақсатқа қол жеткізу үшін үкілі сенім, ерен еңбек және межеленген нысанаға жету жолындағы табандылық керек екендігінің дәлелі мен айғағы. Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіні тапсырысы бойынша Режиссері: Ақан Сатаев Қоюшы режиссер: Ақан Сатаев Сценарий авторлары: Әділбек Жақсыбеков, Тимур Жақсылықов Қоюшы операторы: Хасанбек Қыдыралиев Қоюшы суретші: Назира Байбекова Композитор: Алим Заиров Продюсері: Ақан Сатаев Атқарушы продюсер: Әлия Меңдығожина Актерлер: Мұрат Ахманов, Еркебұлан Дайыров, Жан Байжанбаев, Олег Ни, Азат Сейітметов, Асқар Ілиясов, Гүлнар Жақыпова және басқалары.
Hide player controls
Hide resume playing