Myvideo

Guest

Login

Пандемия кезінде ана лімі ршіп тр

Uploaded By: Myvideo
43 views
0
0 votes
0

Осы аптаданың әттегенайы. Еліміз Коронавирус індетінің таралу қарқыны жөнінен әлемде қауіптіліктің қызыл аймағына енді. Республикада елордасынан бөлек 7 өңір қызыл аймақта. Ал ертеңнен бастап жаппай вакцинациялау науқаны шымылдығын түреді. Бұған дейін президент те, денсаулық сақтау министрі де атап өткендей дәл осы жаппай екпе салу арқылы індет таралуын 40 мың адамға дейін азайтуға мүмкіндік бар. Және жыл аяғына дейін 6 млн адам қамтылып жатса, бұл - пандемиядан, одан туындаған дағдарыстан біртіндеп шығатын жалғыз жол деп мәлімделді. Пандемиядан келген залалдың зор екенін айтып жүрміз. Соның бір парасына тоқталсақ. Ковидтің кесірінен жүкті әйелдер арасында өлім-жітім жайттары да өршіп кеткен. Мәселен 2019 жылы 36 ана жүктілік пен босану кезінде көз жұмса, 2020 жылдың 8 айында ғана 131 әйел бақилық болыпты. Статистика деп қарайтын болсақ бұл әшейін сандар деуге болатын шығар, бірақ бұл сандардың артында сан адамның өмірі тұр емес пе? Аталған келеңсіздіктің көбею себептері мен салдарын сараладық.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later