Нью-Йорк қаласында полицияның 2200 қызметкері коронавирус жұқтырған. Ал карантин кезінде шаһарда тұрмыстық жанжал саны 43 пайызға артты, деп хабарлайды «Хабар 24» Нью-Йорк полициясында қызмет ететін Димаш Ниязов індет кезінде америкалықтар тап болған өзге мәселелер жөнінде тілшімізге айтып берді. Құрама Штаттарда тұратын қазақ Димаш Ниязовты көбі біледі. Ол әлі Нью-Йорктың полиция қызметінде. Димаш бұған дейін ерекшелігімен көзге түсіп, бірнеше рет марапатталған. Осыдан үш жыл бұрын ол есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісін қамауға алғаны үшін Нью-Йорктің ең үздік полицейі атағына ие болды. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: Біздің сайт - Facebook - Instagram - Telegram - Twitter - Vkontakte -
Hide player controls
Hide resume playing