Қарасай ауданы бойынша қазір үш Ұлы Отан соғысының ардагері Жеңістің 76 жылдығына аман-есен жетіп отыр. Солардың бірі – Ыдырысов Чайке қария. Осы айда 96 жасқа толған ақсақал бүгінде сыртқа көп шықпайды. Өйткені, сонау соғыстың жүрекке салған салмағы әлі күнге ауыр, әрі ыстыққа да, суыққа да төзіп, қанды шайқаста да, қарқынды еңбекте де бар күш-қайратын аянбай жұмсағандықтан, сондай-ақ, қарттығы «қамауға» алғандықтан әр-әр жері ауырады, таяққа сүйеніп жүреді. Дегенмен, құрметтеп үйіне келіп сәлем бергендер мен немере-шөберелеріне асықпай айтатын әсерлі әңгімесі жетіп артылады. Себебі, ойындағы отты күндер мен көңіліндегі көп игі істер көмескі тартпаған, басынан кешкенінің бәрін ескіртпей есіне алады… Чайке атамыз 1925 жылы 5 мамырда Қаскелең (қазіргі Қарасай) ауданындағы Еңбекші ауылында туған екен. 1942 жылы наурыз айында комсомолға өтеді, ал тура бір жылдан соң әскери комиссариаттан шақырту келеді. Мұнан кейін Петропавл қаласында үш ай айлық дайындықтан өтісімен, неміс фашистерімен соғысқа жіберілген. А
Hide player controls
Hide resume playing