#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Димаш #ҚанатАйтбаев 🔹Спикер: Қанат Айтбаев - Мәдениет қайраткері. 00:00 Басы 01:14 Таныстыру 01:52 Халықтың жанарында үміт басым ба, күдік басым ба? 02:49 Азаматта үш дәреже болады екен. Бірінші “Кімнің баласы?”. Екінші “Кімсің?” Бұл екі дәрежеге екінің бірі жете алады екен. Ал үшінші дәреже: “Кімнің әкесі?» Бұл дәреженің салмағы қандай болады екен? 07:07 Әке мен баланың жауапкершілігі қандай? 08:30 Әкеңіз ауылшаруашылық маманы. Қазіргі қазақ ауылының хәлі қалай? 14:35 Қазақстандағы ауыл шаруашылық саласына көңіліңіз толмайды. Қалай түрлендіру керек? 22:39 “Мемлекетімізде, қоғамымызда ортақ менталитет қалыптастыру үшін мектептегі оқу жүйесіне қазақ халқының салт-дәстүрімен, таным-табиғатымен таныстыратын “ұлттық тәрбие негіздері” сынды арнайы пән енгізу керек” - деген ұсыныс айттыңыз. Тәрбие сіңіруде қандай қателіктер жіберіп жатырмыз? 27:12 Қыз тәрбиесінің құпиясы қандай? 31:50 Рақымжан Отарбаевтың ойы бар: «Біреу итін өтірік айтақтап, әбден ығыр етсе керек. Қойына қасқыр шауып, айтақтаса аттап баспайды дейді. Сонда әлгі: – Олла-билла айтақ, – деп айқайлайтын көрінеді. Айтақ көбейген заман ғой. Қайсысына шаба берерсің», - депті. Алайда төл балаңызды тел емген деген қауесеттерге қандай шара қыласыз? 34:27 Латын тілінде stimulus деген сөз бар, тікелей аударғандағы мағынасы былай: пілді піскілеп жүргізетін, коррида ойынында бұқаны ызаландырып, шабынан түртпектейтін таяқтың атауы. Шаптан түртудің шатағы осы күні әлеуметтік желіде. Бүгінгі қоғамның бір көрінісі осындай болса не істемек керек? 37:36 Өнерпаздардың жүріс-тұрысы,н киім киісін талқылау белең алып кетті. Бұл ненің көрінісі? 40:28 Әлеуметтік желіде Димаштың тыңдармандарымен өткізген тікелей эфирлерінің жазбаларын алаяқтықпен қолданатын жалған аккаунттар пайда болып жатады. Алданып қалған адамдар хабарласса қайтесіз? 42:32 Фейк ақпарат таратқандарды заң жазалағыңыз келмей ме? 43:32 Боқтанып сөйлейтін актерлерге айыппұл салу керек деген бастамаңыз болды. Әншілердің де аузына келгенін айтқанын естідік, көрдік. Бастамаңыз қолдау тапты ма? 51:40 Мектептегі әлімжеттік туралы естіп-біліп жатамыз. Сіздіңше бұл дерттен айығудың жолы бар ма? 53:02 Сізді билік өкілдерінің жанынан жиі көреді жұрт. Суреттер салынады. Билік өнер адамын өз сүйкімдерін арттыру үшін пайдаланады деп ойламайсыз ба? 54:39 Димаш екеуіңізге бас тарта алмайтын ұсыныс түсті ме? 55:48 Димаш қазір Америкада ма? 55:56 Ұлыңыз үнемі сапарда? Жанында жиі жүрмейтін болдыңыз. Неге? 57:38 Димаштың концертінде клип көрсетілді. Адам зат баласына үндеу деп түсіндім. Туындыларын сізбен ақылдаса ма? 01:01:56 Димаш әлемнің назарында, елдің алақанында. Көз тиеді деп алаңдамайсыз ба? 01:03:30 Әлемнің әр түкпіріндегі фак-клубтармен қалай жұмыс істейсіздер? 01:07:20 Қазақта: “Абайдың шыққан биігі Құнанбайдың иығы» деген сөз бар. Димашты өнер аламанына қосқаныңызға куәміз. Арғы аталарыңызда күміс көмей әнші, жыршы бар ма? 01:09:50 Әншілерге келгенде қоғам тарапынан айтылатын бір сын бар. Осылар неге жанды дауыста ән айтпайды деген. Бұл мәселеде шетелдің тәжірибесі қандай? 01:15:10 “Той десе қу бас домалайды“ дейді қазақ. Кейінгі кезде тойға реформа керек деген бастаманы көп естиміз. Сіз қай тараптасыз? 01:20:05 Алып анадан туады. Жеңгеміздің қандай қасиетін ерекше бағалайсыз? 01:28:52 Димаш үйленетін кезде концерт ұйымдастыра ма? 01:23:26 Жұбайыңыз екеуіңізде елдің ықыласына бөленген әншісіздер. Жеке шығармашылықты қайта жалғастыру жоспарда бар ма? 01:24:54 Өнерпаздың зейнетке кететін мерзімі бола ма? 01:26:25 Өз-өзіңізге есеп бересіз бе? Сол кезде өзіңізге көңіліңіз тола ма, әлде “қап әттеген-айлар көп пе?“ 01:27:36 Құнанбайдың Абайға айтқанындай: “Мықты болсаң өзіңнен асырып ұл тудырып ал” дейтін кездеріңіз бола ма? 01:28:30 Бүгінгі күннің батыры кім? Инстаграм: Фейсбук:
Hide player controls
Hide resume playing