«Birge» акциясын басшылыққа алған Алматы облыстық штаб мүшелері еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны, күні кеше ғана пәтерлі болған Мүслима Саматқызының үйіне де барды. Сәбидің әкесі Самат Бестібаев пен анасы Диана Омарханова қонақтарды зор ықылыспен, қазақы қонақжайлықпен қарсы алды. Кішкентай нәресте жаңа пәтерде аман-сау өсіп жатыр. Штаб мүшелері, өңірге танымал тұлғалар ақын Әміре Әрін, облыстық мәслихат депутаты Әли Алпысбаев, Талдықорған қалалық штаб жетекшісі Аманжол Жазықбаев, «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Еркебұлан Ақболатов үй иелеріне акция жайында ақпаратпен таныстырып, ақ жарма тілектерін тыңдап қайтты. Өз кезегінде Мүслиманың ата-анасы да алдағы сайлаудың сәтті өтуін қолдайтындарын жеткізді. #Birge #teamqazaqstan #ТоқаеV #ЗаТокаева #Бірге #jasotan
Hide player controls
Hide resume playing