Қаңтардың 30-ы күні кешке Алматыдағы “Арман“ кинотеатрында журналист #Жанболат Мамайдың 20 ғасырдың бас кезінде Қазақстанда болған ашаршылық туралы деректі фильмі көрсетілді. Бір сағат 25 минутқа созылатын деректі фильмді көруге көп адам жиналды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, көрерменнің көптігіне байланысты фильм бір мезгілде театрдың үш залында қатар қойылған. Алайда соған қарамастан, залға сыймаған кей адамдар фойеде тұрып қалды. Бес бөлімнен тұратын “Зұлмат“ деректі фильмінде қазақстандық тарихшылардың 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы екі ашаршылық және оның себептері жайлы рет-ретімен көрсетілген. Толығырақ:
Hide player controls
Hide resume playing